Спорт
1 мин оқу 870

Қанат Ислам Уолтер Каутондоквамен кездеседі

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 KO) келесі жекпе-жегін 26 қазан күні Алматы қаласында өткізеді. Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.</p>

Қанат Ислам Уолтер Каутондоквамен кездеседі

Кәсіпқой бокс кешінде отандасымыз нами­биялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі. Бұл жекпе-жекте Қанат Ислам өзінің бірінші орта салмақта WBO International бел­дігін қорғайды. Каутондоква әлемдік Boxrec сайтының мәліметі бойынша, үздік ТОП-30 бокс­шының қатарында. Ол рейтингте 24-орында тұр. Ал WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 10-шы сатыға жайғасқан.

Естеріңізге сала кетсек, Уолтер Каутон­доква 2018 жылы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) кездесіп, жеңіліп қалған болатын. Бұл намбиялық боксшының спорт жолындағы әзірге жалғыз жеңілісі.

Бөлісу:
Қанат Ислам Уолтер Каутондоквамен кездеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар