Жеңіс Қасымбек – Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы

Кеншілер астанасында өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек партияның Қарағанды облыстық филиалының төрағасы болып бірауыздан сайланды.

Филиалдың жаңа басшысының кандидатурасынNur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек ұсынған болатын.
Жеңіс Қасымбек көрсетілген сенім үшін алғыс айтып, бұл қызметтің өзі үшін үлкен сынақ екенін атап өтті.
– Партия филиалын алғаш рет басқарағалы отырмын. Елбасы еңбек жолын бастаған өңірдежұмыс істеу – үлкен мәртебе. Мен сіздерді Nur Otan партиясының Қарағанды филиалы Мемлекет басшысы мен Елбасының барлық тапсырмаларын орындайды деп сендіргім келеді. Бар тәжірибем мен білімімді қарағандылықтардың игілігі жолына, олардың өмірін жақсартуға және облыстың дамуына жұмсаймын деп уәде беремін, – деді Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалының жаңа төрағасы.