Қоғам
1 мин оқу 160

Шекарада декларацияланбаған жүктердің дерегі анықталды

<p style="text-align: justify;">2019 жылдың 18 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің &laquo;Бахты&raquo; кеден бекетінде Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасына бара жатқан тауарларды кедендік тексеру барысында кеден бекетінің және Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері бірлесе отырып, декларацияланбаған 1976 жұп мөлшеріндегі &laquo;аяқ киім&raquo; дерегін анықтады.</p>

Шекарада декларацияланбаған жүктердің дерегі анықталды

Алдын ала деректер бойынша кедендік құн 4 млн теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта кеден органдарымен тауарларға кедендік сараптама жүргізу, декларацияланбаған тауарлардың кедендік құнын анықтау, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар сомасын белгілеу, сондай-ақ тұлғаларды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.

Бөлісу:
Шекарада декларацияланбаған жүктердің дерегі анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар