Спорт
1 мин оқу 240

«Барыс» «Тракторды» жеңді

<p style="text-align: justify;">Елорданың &laquo;Барыс&raquo; хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясындағы кезекті тур ойы&shy;нын тағы да Алматыда өткізіп, қарсы&shy;&shy;ла&shy;сынан басым түсті. Бұл жолы Челя&shy;бінің &laquo;Трактор&raquo; командасын қабылдап, 2:0 есебі&shy;мен жеңіске жетті.</p>

«Барыс» «Тракторды» жеңді

«Алматы Аренаға» жиналған 12 мыңнан аса жанкүйер бұл кездесуде екі шайбаның куәсі болды. Командалар алғашқы кезеңде тең ойнағанымен, кездесудің екінші бөлігінде «Барыс» ойыншылары қарсыластың қақпасына екі бірдей шайба соқ­ты. Матчтың 22-минутында Роман Старченко мер­ген­дігімен көзге түссе, арада 2 минут өткенде Ииро Пакаринен есепті 2:0-ге жеткізді. Осылайша «Барыс» кездесудің екінші бөлігінде-ақ матч тағдырын шешіп тастады.

Бұл жеңісінен кейін «Барыс» ҚХЛ-дің турнир кес­тесінде 10 ұпаймен 6-орында келеді. Жерлестеріміз ке­лесі екі ойынын сырт айдында өткізеді. 25 қыр­кү­йек­­те Магнитогорскінің «Металлург» командасына қар­­сы ойнаса, 27 қыркүйекте Челябінің «Трактор» клу­­бы­на қонаққа барады. Ал 30 қыркүйектен бас­тап «Ба­рыс» қалған кездесулерін «Барыс Аренада» өткі­зеді.

Бөлісу:
«Барыс» «Тракторды» жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар