Спорт
1 мин оқу 130
Италияда топ жарды
<p style="text-align: justify;">«Астана» велокомандасының өкілі Алек­сей Луценко Италия тасжолында өткен «Ме­мо­риал Марко Пантани» біркүндік вело­жарысын­да топ жарды. Бұл отандасымыздың осы маусымдағы 10-шы жеңісі.</p>

Отандасымыз мәре сызығына екі шақырым қалғанда пелотоннан бөлініп, шабуылға шықты. Қарсыластарын шаң қаптырып, басымдығын жарыс соңына дейін сақтап қалған Луценко жеңімпаз атанды. Екінші орынды италиялық Диего Роза (Sky) иеленсе, үздік үштікті франциялық Гийом Мартан (Wanty-Groupe Gobert) қорытындылады.
Луценконың бұл жетістігі «Астана» велокомандасының осы маусымдағы 36-шы жеңісі болды. Сөйтіп қазақстандық команда өз рекордтарын жаңартты.
Бөлісу: