Руханият
1 мин оқу 470

Елордада «Oi-zerek» интеллектуалды тіл сайысы өтеді

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы &laquo;Руханият&raquo; коммуналдық мемлекеттік мекемесі ертең сағат 15.00-де Оқушылар сарайының &laquo;Амфитеатр&raquo; залында&nbsp;&laquo;MENİŃ TİLİM &ndash; ULY DALA R&Yacute;HY&raquo;&nbsp;ХХІ қалалық тіл фестивалі аясында &laquo;OI-ZEREK&raquo; интеллектуалды тіл сайысын өткізеді.</p>

Елордада «Oi-zerek» интеллектуалды тіл сайысы өтеді

Іс-шараның мақсаты - жас ұрпаққа ұлттық-рухани және қазақ тілінің құндылықтарын дәріптей отырып, қазақша ойлауға, жазуға ықпал ету. Оларды тіл тазалығы мен мәдениетін сақтауға шақыру. Әр сала қызметкерлерінің  латын әліпбиін тез меңгеруіне септігін тигізу.

Іс-шара барысында әр түрлі мекемелер мен ұйымдардан құралған топтар өзара сайысқа түседі. Сайыс мақал-мәтел құрастыру, бейнені дыбыстау, латынша мәтінді жылдам оқу, қазақ терминдері мен аудармасы және интеллектуалды сұрақтар сынды 5 кезеңнен тұрады.  

Бөлісу: