Аймақтар
2 мин оқу 410

Ала шапанды ағайынға арналған алғаусыз ықылас

<p>Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің &laquo;Достық&raquo; қауымдастығы ұйымдастырған шарада өзбек халқының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, арнайы концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды. Мерекелік шараға көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және еліміздің барлық аймағынан қонақтар қатысты.</p>

Ала шапанды ағайынға арналған алғаусыз ықылас

Көпшілік алдында құт­тықтау сөз сөй­леген Қазақ­стан халқы Ассам­б­лея­­­сы Төр­ағасының орын­басары Шер­зод Пулатов, Өзбекстан­ның Қа­зақ­­­стандағы Төтенше және өкілетті ел­­ші­сі Сайдикрам Нияз­ходжаев және екі ел­дің зиялы қауым өкіл­дері ел­­­дің берекелі бірлігін нығайтудың маңызына тоқталды.

– Елімізді мекендеген­ түр­лі этнос өкілдерін көк тудың астына жинап, ел ты­ныштығын, береке-бірлігін сақта­дық. Бұл жетістікке қа­­зақ халқы­ның кең ықы­лас-­пейі­лі­нің, бауырмал дос­ты­ғының арқа­сында және ел басқарған азамат­тар­­дың сарабдал саясатының нәти­­жесінде қол жет­кіздік. Осы бағытымыздан таймай,­ бір үйдің баласындай жұмыла жұмыс істесек, талай асуларды бағын­дыра­ры­мыз сөзсіз, – деді жиын­да сөз сөйле­ген қоғам қайраткері Розақұл Хал­му­ра­дов.

Өзбекстанның Қазақ­стан­дағы Тө­тен­­ше және өкі­летті елшісі Саи­дик­рам Нияз­ходжаев Қазақ­с­тан­­да бар­ша этностың тілі мен мә­де­­­ниеті­­­­нің сақталуына барынша жағ­дай жа­сал­ғанына ризашылығын біл­ді­ріп, мұн­да­ғы игі бастамалар жалпы түркі әле­міне үлгі екенін тіл­ге ти­ек етті.

Айта кету керек, миллион­нан ас­там тұрғынның ортақ ша­­ңы­рағы бол­­­ған Шымкент қаласы жұрт­шы­лы­­­­ғының 17 пайыздан астамын өзбек этно­сының өкілдері құрайды.

Қалада өзбек этномәдени бір­лес­ті­гі 1989 жылы құры­лып, отыз жылға жуық уақыт бойы Түр­кіс­тан облысының қоғамдық-саяси, мә­дени өміріне белсене араласты.

Был­тыр осы этномәдени бір­лес­тік қалалық мәртебесін алып, осындағы 178 мың өз­бек этносы өкілдерінің қа­зақстандық қоғамның ортақ құнды­лық­тарын қастерлеуіне ұйытқы болып отыр.

Бірлестік жанындағы ақ­са­­қал­дар алқа­сы, жастар қанаты, «Бахор», «Феруз» шы­ғармашылық ұжым­дары Шым­­кенттің дара дәс­тү­рін жалғап, қоғамдық-мәдени тұр­­мы­сын байытып келеді.

ШЫМКЕНТ

Бөлісу:
Ала шапанды ағайынға арналған алғаусыз ықылас · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар