Президент
1 мин оқу 290

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті

<p>Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;</p>

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғарғы лаузымға сайлануларымен құттықтады.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық  ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, ол үшін әлеуеттерінің зор екенін айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне шақырды.

Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар