Саясат
1 мин оқу 162

Ортақ ұстанымдар үйлесімі

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин дипломатиялық қатынас орнаған 25 жыл ішінде Қазақстанға алғаш рет келген Солтүстік Македония Республикасы Ассамблеясының Төрағасы Талат Джаферимен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.</p>

Ортақ ұстанымдар үйлесімі

Тараптар екі ел арасындағы, соның ішінде парламентаралық ықпал­дас­тықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Ең алдымен Мәжіліс Спикері кеше Нұр-Сұлтанда өткен Еуразия елде­рі парламенттері спикерлерінің 4-кеңе­сіне қатысып, Еуразия кеңіс­тігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамта­масыз ету жолындағы парла­менттер­дің өзара іс-қимылы туралы ой-пікір­лерін ортаға салғаны үшін мәртебелі мейманға алғыс білдірді.

Біздің еліміз Солтүстік Маке­до­ния­мен ынтымақтастықты нығай­туға ын­талы екенін алға тартқан Н.Нығ­матулин басым бағыттар ішінде, әсіре­се сауда-экономикалық, ауыл шаруа­шылығы өнімдерін қайта өң­деу сала­ларын, сондай-ақ мәдени-гума­ни­тарлық әріптестік аясында туризмнің тиімділігін атап өтті. Солтүстік Маке­дония тау туризмінің орталығы ретінде танымал.

Ал саяси ықпалдастықты ны­ғайту­да парламентаралық байланыстың маңызы зор. Осы ретте тараптар бейінді комитеттер мен парламентаралық топтар шеңберінде заңнамалық тәжі­рибе алмасуды одан әрі ынталандыру төңірегінде пікір алмасты. Сон­дай-ақ Мәжіліс Төрағасының пікі­рінше, Парламентаралық одақ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы сынды халықаралық алаңдарда ортақ ұста­нымдарды үйлестіру маңызды.

Өз кезегінде Талат Джафери бар­лық салада біздің елдеріміздің жан-жақты серіктестігін нығайту үшін парламенттік дипломатияны күшейту жайына жан-жақты назар аударды. Солтүстік Македония өкілі Нұр-Сұл­танда Еуразия елдері парламенттері спи­керлерінің 4-кеңесі өте жоғары дең­гейде өткенін және Еуропа мен Азия елдері арасында парламенттік диалог­ты дамытуға жаңа серпін бергенін ерекше атап өтті.

Палата Спикері ресми делегация сапары біздің елдеріміздің көпжақты ынтымақтастығын ынталандыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Бөлісу:
Ортақ ұстанымдар үйлесімі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар