Аймақтар
1 мин оқу 183

Шымкенттік жас зияткерлер марапатталды

<p>Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов Еуразиялық интеллектуалды Олимпиадаға қатысқан есепке жүйрік шымкенттік жеңімпаздармен кездесті.</p>

Шымкенттік жас зияткерлер марапатталды

Қаламыздың намысын қорғаған қатысушылар Г.Макридин, К.Пак, А.Тарасенко, С.Ерметова, С.Ерметова, К.Ким, Я. Аюкаева Нұр-Сұлтан қаласында өткен жарыста алға шықты.

Кездесу барысында балалар есеп шығаруда ондықтарды ғана емес, жүздіктерді де есептегіш құралға сүйенбей-ақ шығарып, үйренгендерін көрсетті.

Білімнің шыңына жетуге сәттілік тілеген Бахадыр Нарымбетов жиын соңында жеңімпаздарға алғыс хат тапсырып, «Жас данышпан» төсбелгісімен марапаттады.

Бөлісу:
Шымкенттік жас зияткерлер марапатталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар