Саясат
1 мин оқу 110

Қазақстан елшісі Пәкістан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Пәкістандағы елшісі Ақан Рахметуллин Пәкістан Президенті Ариф Алвимен сенім грамоталарын тапсырды деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.&nbsp;</p>

Қазақстан елшісі Пәкістан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Кездесу барысында Пәкістан Президенті елдер арасында қалыптасқан достық қарым-қатынасты, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша екі мемлекеттің ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты қарым-қатынастардың қалыптасуына және Қазақстан-Пәкістан әріптестігінің дамуына қосқан қомақты үлесін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде А.Рахметуллин жылы лебізін білдіріп, Қазақстанда болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етті.

Тараптар, сондай-ақ, саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды дамытуды қоса алғанда, бірқатар өзекті мәселені талқылады.

Кездесу соңында А.Алви Елбасы Н.Назарбаевқа және Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа жүрек тілегін жеткізді, сондай-ақ, елшіге Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығын нығайту үшін табысты және жемісті жұмыс тіледі. 

Бөлісу: