Технология
2 мин оқу 720

Smart City қызметі қосылады

<p style="text-align: justify;">Ақтау қаласында &laquo;CIO and Digital Professionals Workplace 2019&raquo; конференциясы өтті. Жиын барысында &laquo;Қазақтелеком&raquo; АҚ Маңғыстау мен Түркістан облыстары әкімдіктері бастаған бірқатар компаниямен меморандумдарға қол қойды. Ынтымақтастық аясында тараптар Ақтау, Түркістан және Арыс қаласында Smart City қанатқақты қызметін іске қосуға арналған жобаларды енгізу мүмкіндігін қарастырады.</p>

Smart city (Ақылды қала) – бұл азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында инновациялық ше­шімдерді енгізу есебінен қала­лық ре­сурстар мен қызметтерді бас­қару­дың тиімділігін арттыру және ин­фра­құрылымды жетіл­діру жөніндегі бас­тама. Игі бастама алдағы жылдары еліміз­дің бірқатар қалаларында жүзеге асырылмақ.

Бұған дейін Премьер-Министр Ас­қар Маминге Арыс қаласын цифрлы тансформациялау мүмкіндігі таныс­ты­рылған болатын. Енді аталған үш қа­ланың қоғамдық және жол бейне­бақылауы, орталықтардағы ашық
wi-fi, талшықты-оптикалық байланыс жә­не «LPWAN» желісі көбейтіледі. Со­ны­мен қатар экологиялық мониторинг жүргізу мен жедел жәрдемнің диспетчерлік қызметін автоматтандыру жоспарланған. Бұдан бөлек, ме­морандумға сәйкес цифрлы даму және «Big data» енгізу мүмкіндігін қарастыру мәселелері бойынша тараптар арасында өзара іс-қимыл жүр­гізу көзделген. Бұл ретте «Big data» оптималды шешім қабылдауға септігін тигізеді.

Конференция барысында ин­фра­­құрылымды оператор тарапы­нан кә­сіп­орындарда цифрлы трансфор­ма­циялаудың жаңа бағыттарын дамыту ту­ралы ұсыныстар айтылды. Компания спикерлері дайын технологиялық база мен телеком-оператор ұсынатын мүмкіндіктер туралы мәліметтермен бөлісті. Қазақстандағы бірқатар индус­триялық жобалар жиналғандар арасын­да талқыланды.

Ал жүзеге асырылған цифрлы транс­­­формациялау жобаларының мы­са­­лы ретінде Smart Aqkol тәжірибе­лері ескерілетін болады.

«Smart Aqkol жобасының негізгі мақсаты қаладағы түрлі қызметтің жұмыс нәтижесін бақылау үшін ақпа­раттық ағындарды өңдеу базасында «ақылды қала» моделін құру. «Smart Aqkol» тұжырымдамасына ин­фра­құрылым, біріктірілген жүйе­лер және сигналдар беру мен деректерді бақылау және оны талдау эле­менттерінің желісі кіреді. Барлық де­ректер жағдаят орталығына – диспет­чер залы бар, мониторинг жасауға арналған бейне-қабырғамен, бейнеконференция байланысы жүйесімен, колл-орталығымен жабдықталған объектіге түседі», деді «Қазақтелеком» АҚ кор­поративтік бизнес дивизионының депар­тамент директоры Самат Имбаев.

Оның айтуынша, Индустрия 4.0 жобаларын жүзеге асыру аясында компания кәсіпорындарда сымсыз технология түрінде дайын инфрақұрылымды ұсынып отыр. Бұл – LORA базалық стан­­сасы, «ақылды каскалар», түтін бел­гісін беру құралдары, радиациялық сигналдарды мониторингілеу және өлшеу. Сонымен бірге телеком-опера­­тордың серіктестермен бірге жүк көлік­терінің жұмысын бақылауға ар­налған мобильді АТС құру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Компания са­рап­шыларының пікі­рін­ше, «ақылды кө­ліктің» рөлі өте ма­ңызды, себебі көп­­теген кәсіпорын мен мем­­лекеттік ме­­ке­меде онсыз жұ­мыс жүргізу мүмкін емес.

Ақкөл Қазақстандағы коммуналдық қызметтердің барлық тұтынушылары толығымен цифрландырылған бірін­ші қала. Smart Aqkol жобасының тұжы­рымдамасы қауіпсіздіктен эко­логияға дейін 11 бағыттан тұратын «ақыл­ды» қала­ларды дамытудың бір­ыңғай стандартына кіреді. Егер Ақтау, Түркістан және Арыс қалаларында Smart City қыз­меті толық енгізілсе, елі­міздегі «ақылды қалалар» саны көбейе түспек. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жай­лы тұрмыс кешуіне пайдасын тигізуге тиіс.

Бөлісу:
Smart City қызметі қосылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар