Қоғам
1 мин оқу 952

Орынбек Сандыбеков «Ең үздік батальон сержанты» атанды

<p>&laquo;Достастық жауынгері&raquo; халықаралық байқауында екі мәрте чемпион болды.</p>

Орынбек Сандыбеков «Ең үздік батальон сержанты» атанды

аягөз

Аягөздің Мамырсу ауылындағы 97616 әскери бөлімінің әскери қызметкері, аға сержант Орынбек Сандыбеков еліміздің Қарулы күштерінің Х бүкіл армиялық байқауында «Ең үздік батальон сержанты» атағына ие болды және батальон сержанттары арасында қоян-қолтық ұрыс жекпе-жегінің жеңімпазы атанды.

аягөз 1

Бұл - Орынбектің алғашқы жеңісі емес. Ол 2015 жылы Жамбыл облысы «Отар» әскери базасында және 2017 жылы Беларусь Республикасында өткен «Достастық жауынгері» халықаралық байқауларына қатысып, екі мәрте чемпион атанған-ды.

аягөз 2

аягөз 3

аягөз 4

Жауынгер 2015 жылы Отардан үлкен жеңіспен оралғанда Қорғаныс министрлігі темір тұлпар мінгізген болатын.

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы

Бөлісу:
Орынбек Сандыбеков «Ең үздік батальон сержанты» атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар