Жаңалықтар
1 мин оқу 603

ҰЛЫҚ МЕЙРАМДЫ АТАП ӨТТІ

Жақында Мәскеу халықаралық музыка үйінде Қазақстан Республи­касының Ресей Федерациясындағы елшілігінің  ұйымдастыруымен ұлық мереке – Наурыз мейрамына арналған концерт болып өтті, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі. <!--more-->Мерекелік кешке Мәскеу мэрінің бірінші орынбасары Юрий Росляк, ТМД елдері елшіліктерінің бас­шы­лары, танымал ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ Мәскеуде тұратын қазақ диас­порасының өкілдері қатысты.

Мерекелік концерт басталар алдындағы сөзінде Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрыс­беков Тәуелсіз Қазақстан Наурыз мейрамын осымен 19-рет атап өткелі отырғанын, осы жылдар ішінде еліміздің экономикасы қарқынды дамып, демократиялық мемлекет болып қалыптасқанын атап өтті. Елші, сондай-ақ Қа­зақ­стан Президенті Н.Назарбаевтың халықаралық жоғары беделінің нәтижесінде еліміздің ЕҚЫҰ төр­ағасы болғанына тоқталды. “Наурыз – барлығымызды ізгілікке бастайтын, біздің халықтарымызды ынтымаққа үндейтін ұлық мереке”, – деді елші.

Ал мерекелік концертте жи­налған қауым М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті өнер ұжымының орын­дауында қазақ композитор­ла­ры­ның шығармалары мен қазақтың ұлттық билерін тама­шалады. Мәс­кеу көгінде шырқал­ған қазақ әндері мен күмбірлеген күйлері барша жиналғандар жанына нұрлы шуақ құйды. Ең батысы – БҰҰ Бас Ассам­блеясының қабылдаған  қарарына сәйкес биылғы жылдан бастап 21 наурыз – Халықаралық Наурыз күні деп танылды.

“Егемен-ақпарат”.

Бөлісу: