Қоғам
2 мин оқу 481

Мәдениеттің мәртебесі асқақтайды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауында заман талабына сай тиімді мемлекет, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздіктерін нығайту, қарқынды дамыған экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңірлердің дамуына қатысты мәселелер қозғалды.</p>

Мәдениеттің мәртебесі асқақтайды

Сол мәселелердің ішінде мәде­ниет қызметкерлеріне де әлеу­меттік жеңілдіктердің берілетіні қуантады. Бұйыртса, келер 2020 жылы мәдениет қызметкерлерінің жалақысы көбейеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында:

«Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен кітапхана, музей мен театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соң­ғы жылдары мүлдем көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды» деген болатын.

Бұл дегеніңіз руханиятқа қыз­мет етіп жүрген мәдениет сала­­сы­ның майталмандарына жасал­­ған зор мүмкіндік. Қуаныш­ты жаңа­лық! Мәселен, бір ғана 1,5 мил­­лион­нан астам кітап қоры бар Ұлт­тық академиялық кітапхана қызмет­кер­лерінің әлеуметтік жағдайы өзгереді.

Ал республика бойынша мем­ле­кетімізде он бір мыңнан астам кітапхана мекемесі жұмыс істейді. Одан бөлек еліміздің 4 аумағында кітапханашыларды дайындайтын арнайы факультеттер бар. Олар: Шымкент, Көкшетау, Павлодар және Орал қалалары. Аталған қалалардың барлығынан кітапхана мамандығын аяқтаған жас мамандар жұмысқа орналасады. Міне, сол руханият шырақшыларының материалдық және әлеуметтік қажеттіліктеріне мемлекеттік дең­г­ейде көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ Президент мәде­ниет саласы қызметкерлерінің жалақы­сын көбейту және әлеумет­тік жеңілдіктер беру үшін Үкі­мет­ке тапсырма берді. Яғни, білім беру мен денсаулық сақтау сала­ларын­­дағы жеңілдіктер мәдениет ме­кемесінің мамандарына да көрсетілмек.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын ор­да­ның 750 жылдығын тойлай оты­рып, төл тарихымызға, мә­де­ниетіміз бен табиғатымызға көңіл бөлу керек екендігін айтты. Яғни, осы айтулы мереке арқылы табиғатымызға туристер назарын аудару қажеттілігі де айқын сезіліп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауында халы­қты толғандырған мәселе­лер көтерілді. Сол үшін де мем­лекеттің әрбір азаматы зор жауап­кершілікпен жұмыс атқаруы керек­тігін Президент сөз соңында былай деп түйіндеген болатын:

«Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңы­рағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын».

Біздің мүддеміз бір, мақсаты­мыз айқын, болашағымыз кемел және сол жолда еңбек ете береміз.

Үмітхан МҰҢАЛБАЕВА,

Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Бөлісу:
Мәдениеттің мәртебесі асқақтайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар