Аймақтар
3 мин оқу 630

Ауа райы қолбайлау болып тұр

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысында астық биыл да бітік шықты. Әрине бұдан әлдеқайда бітік шыққан жылдар көп болған. Бірақ биыл жаздың ыстығынан дәннің қамырлылығы артып, сапасы жоғары болмақ.</p>

Ауа райы қолбайлау болып тұр

Дәл қазір Есіл өңірінің ди­қан­­дары әрбір қолайлы күнді ұтымды пайдаланып қалуға тырысып, жанталасып жатыр. Бірақ жарықтық күн де қабағын ашпай, күздің көңілсіз жауын-шашыны үзілмей тұр. Кейде тіпті нөсерлетіп, бір-екі күн бойы үзіл­мей тұрып алады. Егіс ала­ңына шықпақ түгілі, жер езі­ліп кет­кенде қатынас үзіліп қа­лады. Сондықтан кейбір фермер­лер, пысық шаруалар күн жа­уын-шашынсыз болғанда орақты үз­бей салып, екі ауысыммен жұ­мыс істейді, комбайндар түні­мен тоқтамайды.

Биыл облыста барлығы
2 млн 861мың гек­тар жерге – дәнді дақыл, 970 мың гектар жерге – майлы дақыл, 34 мың гектар картоп, 6,2 мың гектарға – көкөніс тұқымдары сіңірілген. Ас атасы алқапқа егіл­ген көлем Ақмола мен Қос­танай облысынан кейінгі үшінші орында.

Соңғы мәлімет бойынша өңір­­дегі барлық дәнді дақылдың 70 пайызы орылып, дестеге түсіп, соның 63,8 пайызы бастырылды. Жиналған астық көлемі 39,4 мың тонна. Гектар берекелігінің орташа көрсеткіші – 15 центнер.

Қызылжар, Мамлют, Ақ­қайың, Уәлиханов аудандарында астық түсімі бұдан әлде­қай­да жоғары. Көш бастаушы Қы­зыл­жар ауданы орта есеппен гек­тарынан 18,3 центнерден астық жиналуда, ал кейбір жеке шаруашылықтарда тіпті 25-27 центнерден айналуда.

Осы көрсеткіш бойынша Сол­­­түстік Қазақстан көршілес ас­тықты облыстардан алда ке­леді. 26 қыркүйектегі мәлімет бо­йынша гектарына орташа тү­­сім Ақмола облысында − 10,3, ал Қостанайда – 6,3 центнерден екен. Алайда бұл өңірлерде ас­тық бастыру қарқыны жоғары. Нақты айтатын болсақ, Қостанай барлық астығының 74 пайызын, Ақмола 68,4 пайызын бастырып үлгеріпті.

Солтүстік Қазақстандағы ас­­тықты аудандардың ішіндегі егіс көлемі ең үлкені – Ғабит Мү­сірепов ауданы. Бүгінде аудан­­­­­­­ның диқандары 490,6 мың гек­­тар алқаптың 64,4%-ын бас­тырып үлгерді. Алайда гектар берекелігі облыстың орташа көр­сеткішінен төмендеу – 13,6 центнер ғана. Астық бастырудан облыс бойынша алда келе жатқан  – Уәлиханов ауданы. Аудандағы алқаптардың 71,4 пайызы бас­ты­рылған. Гектар берекелігі 16,4 центнерден айналуда. Ал көш соңында қалып, жауын-шашынның кесірінен құлашын жаза алмай келе жатқан аудан – Мамлют. Жергілікті диқандар дестеге түскен астықтың 57,7 пайызын ғана бастырды.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдымыздағы он күн көлемінде ауа райы жады­рап кете қоймайды. Облыс ас­па­нын ала бұлт басып, кей жерлерде жауын-шашын күшеюі мүмкін. Сондықтан диқандар астық бастыруды алдымыздағы онкүндікте де аяқтай қоюы не­ғайбыл.

Ауа райының қолайсыздығы дәнді дақылдар ғана емес, майлы дақылдар мен көкөністі де толық жинап алуға мұрсат бермей отыр. Облыс бойынша піскен май­­­лы дақылдардың 55,5%-ы орылып, оның үштен бірі ға­на бастырылды. Барлығы 265,7 мың тонна майлы дақыл қам­­­баға түсті. Өнімді жинауда­ алда келе жатқан – Айыртау ауда­нының еңбеккерлері. Олар егістің 45,4 пайызын қамбаға түсіріп үлгерді. Көш соңында қа­лып келе жатқан Тимирязев ауданының диқандары егіс көлемінің тек 22,8%-ын ғана бастырды.

 Облыс бойынша картоптың 95 пайызы жиналды. Бұл істе Ғабит Мүсірепов ауданының еңбеккерлері алда келеді, олар өздеріндегі картоп тұқымы сі­ңірілген аумақты толық жи­на­ған. Алайда өнімділік тө­мендеу. Облыстағы орташа көр­сеткіш 130,7 центнер болса, Мүсірепов ауданында гектары­нан тек 111,4 центнерден жинал­ған. Ал ең жо­ғары өнім Қызылжар ауданында, олар гектарынан 150 центнерден өнім алуда.

Облыс картоптан басқа кө­көністерді жинауды да әлі толық аяқтай алмай отыр. Соңғы дерекке қарағанда, өнімнің әлі сегіз пайызы алқапта жатыр. Бә­­ріне кедергі болып тұрған ауа ра­йының қолайсыздығы. Бес-ал­ты күн шайдай ашық болса, қы­зыл­жарлықтар орақ науқанын ең­серіп тастар еді. Диқаншы қа­уым­ның бар тілегі де сол.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Ауа райы қолбайлау болып тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар