Аймақтар
1 мин оқу 250

Бүйрегін ауыстырған алматылық келіншек ана атанды

<p style="text-align: justify;">Кеше &nbsp;Алматыдағы &nbsp;Перинатология және балалар хирургиясы орталығында 2014 жылы&nbsp; бүйрегіне туыстық трансплантация жасаған келіншек аман-есен босанып, ана атанды. &nbsp;Өзге елдерде мұндай пациенттердің 25-35% түсік тастайды. Бұл ақпаратты&nbsp; Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.</p>

Бүйрегін ауыстырған алматылық келіншек ана атанды

«Трансплантолог, нефролог, гинеколог және басқа мамандардан құралған дәрігерлер тобының көмегімен бұл пациенттің жүктілігі және кесар тілігі сәтті өтті. Нәтижесінде салмағы 2 келіден асатын сәби дүниеге келді. Дәрігердің тексеруінен кейін бала анасымен бірге», - делінген хабарламада.

Әлемдік статистика өзге елдерде мұндай пациенттердің 25-35% түсік тастайды, мерзімінен бұрын босанады немесе бала іште жатып шетінейді. Сондықтан трансплантация жасатқан науқастар жүктілікті жоспарламас бұрын мұқият тексеруден өтеді, сондай-ақ, аяғы ауыр болған жағдайда олар иммуносупрессивті терапия қабылдауы тиіс, өйткені трансплантат (бүйрек ауыстыру) функциясын жоғалтуы мүмкін немесе пациенттің өміріне қауіп төндіруі ғажап емес.

АЛМАТЫ

Бөлісу: