Руханият
1 мин оқу 1,530

Әлжанның әке-шешесі

<p style="text-align: justify;">Жуықта жұмыс бабымен Мәскеуге бардым. Қолым қалт еткенде сонда тұра&shy;тын қанда&shy;сымыз, атақшы баскетболшы, Олим&shy;пиада чем&shy;пионы Әлжан Жармұ&shy;хамедовке хабарласып, реті келсе сәлем беру ойым бар екенін жеткізіп едім, ағамыз &laquo;келе беріңіз&raquo; дегені. Аман-сәлемнен соң аға екеуміз фото альбомын тамашаладық.</p>

Әлжанның әке-шешесі

Сарғайған суреттерді ақта­рып отырып, мына бір суретке көзім түскені: жас шамалары әудем тартқан майкішең отырған мұртты ер адам мен гүлді көйлек киген жылы жүзді әйел бейнесі. Әлекеңнен «бұлар кімдер?» деп сұрадым. Ағамыз әдеттегідей жұмсақ жымиып алды да, «менің ата-анам ғой» деді. Расын айтсам, бұған дейін даңқты спортшы жайлы бір­шама деректер білсем де, ата-анасының бейнесін кездестірмеппін.

Ағамыздың айтуы бойынша бұл фото 1960-жылдардың орта­сында өзі туған Табақсай ауылында түсірілген екен. Әкесі Мүсірбек 1905 жылы Қызыл­орда облысының Тереңөзегінде туып, ашаршылық жылдары ағасы Сүлеймен, інісі Сыздыхан бар барлығы Өзбекстанның Шыр­­шығына ауып барған. Кейін ағасы мен інісі қыр­ғыз­дар­ды сағалап кетіп, со­ғыс бас­тал­ғанда Сүлей­мен май­данға аттанған да, Сыздыхан Жез­қазған өңіріне көшіп келген.

Сөйтіп апалас-төпелес за­манда ағайындарынан алыс­таған Мүсірбек өзімен тағ­дырлас жалғыз шешесін жетелеп Украинадан ауып келген Прасковья Жиронкинамен көңіл қосқан. Мына фотодағы жылы жүзді әйел осы кісі, яғни Әлжанның анасы.

Қабибек МҰХИТОВ,

Атырау мұнай және газ университетінің доценті

Бөлісу:
Әлжанның әке-шешесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар