Қазақстан
1 мин оқу 15,800

Бүгін - Тоқтар Әубәкіров алғаш ғарышқа ұшқан күн

<p style="text-align: justify;">28 жыл бұрын 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров &laquo;Союз ТМ&raquo; ғарыш кемесімен &laquo;Мир&raquo; орбиталық кешеніне совет космонавт-зерттеушісі ретінде ұшты. &laquo;Союз ТМ&raquo; экипажында одан бөлек, совет ғарышкері Александр Волков пен австриялық космонавт Франц Фибек болды. Ғарышкерлер &laquo;Мир&raquo; кешенінде бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 10 қазанда экипаж Жерге оралды.</p>

Бүгін - Тоқтар Әубәкіров алғаш ғарышқа ұшқан күн

Тоқтар Әубәкіров – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер. 1969–1975 жылдары Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары болған.

1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.

Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осылайша 45 жасында ғарышкер атанды.

Бөлісу: