Қазақстан
1 мин оқу 191

Сыртқы істер министрі Бағдад Әміреевпен кездесті

<p style="text-align: justify;">Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) Бас хатшысы Бағдад Әміреевпен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Сыртқы істер министрі Бағдад Әміреевпен кездесті

Кездесудің бас тақырыбы 2019 жылғы 15 қазанда Баку қаласында өтетін «Шағын және орта бизнесті дамыту» тақырыбына арналған Түркі кеңесі мемлекет басшыларының 7-ші мерейтойлық отырысы болды. Осы жылы Нахчыван келісіміне қол қоюына 10 жыл толады.

Кездесуде М.Тілеуберді ТМЫК-тың 7-ші Саммиті барлық мүше мемлекеттердің мүдделеріне өкілдік ететін халықаралық ұйымның тарихындағы айрықша оқиға болатынын атап өтті. 

Өз кезегінде Бағдад Әміреев алдағы 7-ші Саммитке дайындық жұмыстарының барысы жөнінде хабарлап, Түркі кеңесі шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар мен жоспарлары туралы айтып өтті.

Түркі кеңесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Қазіргі таңда Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия Түркі кеңесінің мүше мемлекеттері. 2018 жылы Түркі кеңесінің 6-шы Саммиті барысында Мажарстан Түркі кеңесі жанында бақылаушы мәртебеге ие болды.

Бөлісу: