Қазақстан
3 мин оқу 883

Қазақстанда тарының қалай пайда болғаны анықталды

<p style="text-align: justify;"><strong>Назарбаев Университеті, Алматы қаласындағы Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университеті және Германиядағы Киль университеті ғалымдарының жаңа зерттеулері Ішкі Азия таулары арқылы тарыны алғашқы өткізу мал жаю мен өсімдік өсіру арасындағы тығыз байланыспен сәйкес келгенін көрсетеді.</strong></p>

Қазақстанда тарының қалай пайда болғаны анықталды

Зерттеу нәтижелері 4 қыр­күйек­те «Proceedings of the Royal Society B» журналында «Early integration of pastoralism and millet cultivation in Bronze Age Eurasia» ғылыми мақаласында жа­рия­­ланды.

Зерттеуде оңтүстік-шы­ғыс Қа­зақстанның Жоңғар таула­рындағы жерде жуырда ашылған ерте қола дәуіріндегі б.д.д. 2700 жыл­дары қолға үйретілген қой­­ мен ешкі сүйек­терін сәй­кес­­тендіру үшін ежелгі ДНК пайдаланылды. Тұрақты изотоптарды талдау Орталық Азия­да қыстың қаттылығына шы­дауға көмектесу үшін жануарларды та­ры­мен азықтандырғанын көр­сетті.

– Тары тез өседі және жер­гі­лікті таулар мен дала ойпат­тарының өсімдіктерімен салыс­тыр­ғанда, оның көміртегінің айқын изотоптық құрамы бар. Біз жануарлардың тарыны ерте Қо­ла дәуірінен Темір дәуі­рі­не дейін тұтынғанын нақты анық­тай алдық, – деді Др. Тейлор Хер­мес, Киль университетінің пост­докторлық зерттеушісі және зерт­­теудің жетекші авторы.

Орталық Азияда қой мен ешкіні қолға үйрету үшін осын­­дай ерте кезеңде жануар­лар­­­ды та­рымен асырау мал ша­руа­шы­лығының, шошқа бағудың да, тары егудің Қытай қауымынан әрі қарай батысқа дейін таралуы үшін маңызы зор деп болжауға мүмкіндік береді. Др. Гермес мал шаруашылығы мен өсімдік ша­руашылығы арасындағы ерекше байланысты атап көрсетеді.

Жоңғар тауларында (Қазақ­стан) мал шаруашылы­ғымен айналысатын Бегаш және Тасбас атты екі шағын елді мекенде адам жерлеу орындарын зерттеген­де команда қолдан жасалған да­қылдар бастапқыда Орталық Азия­ға негізгі азық-түлік ретінде емес, тауар ретінде таралғаны ту­ралы гипотезаны ұсынды. Адам кремацияланған табыттарын­да бидайдың, тарының және ар­паның көмір басқан дақылдары (б.з.д. шамамен 2500-2200 жж.) адамдардың Орталық Азия ар­қы­лы дәнді дақылдармен ал­мас­қанының ең ерте берілген дәлелі болып отыр.

– Өсімдік шаруашылығының жергілікті мал шаруашылығына қосқан үлкен үлесі Тасбас пен Бегашта тұратын адамдар дәнді дақылдардың элементтерін өз­дерінің салт-дәстүрлерінде қо­суды ұйғарғанының себебі болуы мүм­кін. Олардың қабірлерінде би­дай мен арпаның тарымен бірге табылуы  осы таулы өңірдегі бас­қа да мәдениеттердің рөлі туралы ойлануға мәжбүрлейді, – деді Назарбаев университетінің Жа­ратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мек­­тебінің антропология кафе­дра­­сының меңгерушісі Паула Дюпюй.

Ауыл тұрғындары тарыны та­мақ ретінде жейтініне дә­лел аз болмаса да, ғалымдар өз зерт­теу­лерінде ауыл шаруашы­лы­ғы дақылдарын негізінен мал азы­ғы үшін өсірді деп болжайды. Жа­нуарлардың рационында тары тұтыну көшпелі өмір салтының әлеуметтік және экологиялық жағ­дайларының өзгеруіне байланысты ауыспалы болған.

– Енді біз тарыға жай ғана салт деп қарамай, одан да жете мән берілгенін білеміз. Тары табынды аман-сау ұстау үшін және мал өсірушінің өмірі үшін де құнды өнім болды, – деді Гермес.

Ғалымдар өз мақаласында ар­хеологиялық қазбалар мен мұ­­ражай коллекцияларының нә­ти­желеріне сүйенген. Зерт­теу Майкл Фрачеттидің жетек­ші­­лігімен Вашингтон универ­си­теті мен Ә.Х.Марғұлан атын­да­ғы Археология институтының ара­сында көпжылдық ғылы­ми әріп­тестік аясында жүргі­зіл­ді. Зерт­теуге сондай-ақ Киль уни­вер­ситетінде Шерил Ма­ка­ревич жетекшілік ететін еуро­палық зерт­теу кеңесі қаржылан­дыратын «ASIAPAST» жоба­сы қол­дау көр­сетті.

Бөлісу:
Қазақстанда тарының қалай пайда болғаны анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар