Аймақтар
2 мин оқу 260

Кәсіподақ беделін көтеруді көздейді

<p class="2018-">Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі салалық және жергілікті кәсіподақ төрағаларымен, кәсіподақ мамандарымен кездесті.</p>

Кәсіподақ беделін көтеруді көздейді

Кездесуге облыс әкімінің орын­басары Серік Егізбаев, әлеу­меттік әріптестер, «Мемле­кеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғам­дық бірлестігінің төрағасы Мир­болат Жақыпов қатысты.

– Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, екіжақты серік­тес­тікті дамыту мақсатында кә­сіподақтар мекемелермен ты­ғыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Кез келген еңбек дауын мәмілемен шешуге болады. Кез келген келіспеушілік алдымен ұжым ішінде реттелуі керек. Ал кәсіподақтар осы мәселелерді дау-дамайға жеткізбей, оңтайлы шешуге тікелей араласып, оны шешу жолдарын қарастыруы қажет. Біздің міндетіміз – кәсіп­одақтың нақты жұмысын, қол жеткізген нәтижелерін көрсету арқылы кәсіподақтың беделін көтеру – деді Ералы Лұқпанұлы.

Кездесуде кәсіподақ мүше­лігін арттыру, кәсіподағы жоқ мекемелер мен компанияларда ұйым құру, еңбек адамының құқығын қорғау, оларға қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, ұжымдық шарттардың саны мен сапасын арт­тыру сияқты мәселелер көтерілді.

Облыстық кәсіподақтар орта­лы­ғының төрайымы Ай­гүл Оразқызы «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Кәсіподақтар феде­ра­циясын жаңғырту Жол карта­сының» өңірде жүзеге асуы жөнінде шолу жасады. «Мем­лекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызмет­керлерінің салалық кәсіптік одағы» облыстық филиалының төрағасы С.Сүлеймен, «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік ода­ғы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы А.Батырханов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қыз­мет­керлері кәсіптік одағының облыстық ұйымы» қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы М.Даупаев, «SENIM» денсаулық сақтау жү­йесі жұмыскерлерінің салалық кәсіп­одағы» республикалық қоғам­­дық бірлестігінің облыс­тық фи­лиалының төрағасы М.Құ­сайынов өз салаларында жыл бойы атқарған қызметі бойынша мәлімет берді.

Кездесу соңында төраға сала­лық және жергілікті кәсіподақ ұйымдары төрағалары және кездесуге қатысушылармен пікір алмасып, ой бөлісті. Бұдан кейін Феде­рация төрағасы тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық са­ласының 1 мыңнан астам қыз­мет­керін біріктіретін ірі мекеме – «Жайықжылуқуат» АҚ бас­шылығы және кәсіподақ мүше­лерімен кездесті.

 Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Кәсіподақ беделін көтеруді көздейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар