Қазақстан
1 мин оқу 240

Елордалық ТЖД «Шарапат» орталығына жиһаз сыйлады

Қазан айында үш бірдей мереке халықаралық қарттар күні, мүгедектер және әлеуметтік қызметкерлер күні. Осыған орай, Төтенше жағдайлар департаменті «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына мерекелік сыйлық жасады. Бұл туралы http://astana.gov.kz хабарлады.

Елордалық ТЖД «Шарапат» орталығына жиһаз сыйлады

80-ге жуық елордалық құтқарушы  ауқымды сенбілік ұйымдастырып, мекеме  аумағын тазалап, шыршалар отырғызылды. Іс-шараға Астана қаласы ТЖД «ВМ-құтқарушылар» ансамблі, қазақстандық эстрада жұлдыздары және т.б. қатысты.  Аталған шараға мәслихат депутаттары, Сарыарқа ауданы әкімі, қалалық әкімдік және Нұр-сұлтан ТЖ департаментінің бастықтары қатысты.

ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Марғұлан Аманбаев құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың тұрғындарына мықты денсаулық, рух сергектігін, сарқылмас қуат тіледі.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті шахмат залына 25 орындық түрінде жиһаз сыйлады.  «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Р.Ж.Баймағамбетова келген сапарлары үшін қатысушыларға алғысын білдіріп, Орталықтың тыныс-тіршілігіне белсенді қатысқаны, спортқа сіңірген еңбегі үшін қызметкерлер мен тұрғындарын сыйлықтармен және грамоталармен марапаттады. Құтқарушылар мерекелік концертпен бірге өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулықтар, өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді.

Бөлісу:
Елордалық ТЖД «Шарапат» орталығына жиһаз сыйлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар