Бокс
1 мин оқу 490

Әли Ахмедов Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсірді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBC International Silver титулын қорғап қалды деп хабарлайды Vesti.kz.</p>

Әли Ахмедов Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсірді

Олардың жекпе-жегі Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің андеркартасындағы бесінші кездесу болды. 

Ахмедов пен Эрнандес жекпе-жегі 12 раундқа есептелген, бірақ бірінші раундтың 44-секундында аяқталды. Бұл кездесуге қазақстандық боксшы "Нью-Йорк Рейнджерс" хоккей клубының киімімен шықты.  
Шоудың басты оқиғасында қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко IBF және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулына таласқан болатын.

Бөлісу: