Руханият
1 мин оқу 870

Асанәлі Әшімов – «Ең үздік ер адам»

<p style="text-align: justify;">Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышы, КСРО халық әртісі, Еңбек Ері Асанәлі Әшімов жақында ғана Анапа қаласында өткен ХХVІІІ халықаралық &laquo;Киношок&raquo; кинофестивалінде &laquo;Ең үздік ер адам рөлі&raquo; жүлдесін жеңіп алды. Қазақ киносының мэтрі бұл жүлдені режиссер Қуат Ахметовтің &laquo;Аруақ&raquo; фильміндегі Ағатай қарттың рөлі үшін иеленді.</p>

Асанәлі Әшімов – «Ең үздік ер адам»

Мәдениет және спорт минис­трлігінің тапсырысы бо­йынша «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Аруақ» фильмі прокатқа биыл көктемде шыққан болатын. Режиссердің айтуынша, фильм идеясы А.Әшімовтің өзіне тиесілі. Жа­пан далада жалғыз өмір кеш­кен қарияның жас ұрпаққа айтқысы келетін ойын, фәни жалған туралы толғанысын парасатпен өрген кинотуындыда идея авторының жеке көзқарасы мен пайымы басым. «Бұл фильм­нің кейіпкері ғарыштық кеңістіктегі адам. Ол көптеген тіл біледі, көп елді мекен еткен. Бір қарағанда, «Атаманның ақы­рындағы» Қасымхан Чадья­ров тағдырының жалғасы сияқты, кейіпкер 80 жаста, ендеше бұл оның дәлме-дәл жалғасы емес, біртіндеп басқа тарихты жасаған адам», дейді А.Әшімов.

Сүйген жары қайтыс болған, ағайын-туысы да қалмаған, өз ортасынан безіп, қу мекиен даланы пана тұтқан Ағатай есімді қарттың кішкентай жетім балаға кезіккен оқиғасы көрерменді бейжай қалдырмайды. Құ­­лазыған ақсақалдың жарым­жан көңілі жетімдер үйі­нен қашып шыққан баланы көр­генде өзгеріп сала береді. Қазақ ақсақалына тән даналық, терең ойлау дағдысы фильмнің өн бойына арқау болған. Түркі елдерінің ертегілері мен аңыз-әңгімелерінің желісі бойынша түсірілген фильмнің бас кейіп­кері осы образы арқылы әлі де бабындағы актер екенін бар­­ша жұртқа тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Асанәлі Әшімов – «Ең үздік ер адам» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар