Бизнес
3 мин оқу 220

Берекесін бизнестен тапқандар

<p style="text-align: justify;">Шағын және орта бизнестің шырайын келтіріп отырған кәсіпкерлер саны Атырау облысында 57 мыңнан асады. Бұл кәсіпкерлік субъектілерінде 127 мың тұрғын жұмыспен қамтылған. Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауындағы: &laquo;2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімім күшіне енеді&raquo; деген тапсырмасы атыраулық кәсіпкерлер үшін де жақсы жаңалық болды. Қолдау мен қамқорлық қай істің де ілгері жылжуына септігін тигізеді.</p>

Берекесін бизнестен тапқандар

Облыстық кәсіпкерлік және ин­­дустриалды-инновациялық да­­му басқармасының басшысы Ай­қын Елеусізовтің айтуынша, 2019 жылдың бірінші тоқсанында жергілікті кәсіпорындар 768 млн теңгенің өнімін шығарған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 172,6 пайызға артық. Кәсіпкерліктің да­муына мемлекеттік бағдар­ла­малар айрықша маңыз беріп отыр. Мысалы, «Бизнестің жол кар­тасы-2020» бағдарламасы жү­зеге асырылғалы бері өңірде жал­пы несие сомасы 103,4 млрд тең­ге болатын 1 464 кәсіпкердің жо­басы қолдау тапты. 6 315 жаңа жұ­мыс орны құрылды. Осы бағ­дар­ламаны іске асыру бойынша Атырау облысы республикада төр­тінші орында. Ал шағын және орта бизнесті жергілікті қазына­дан қаржыландыру, өндіріс өнімі­нің көлемін ұлғайту есепке алынатын DOING BUSINESS рей­тингінде мұнайлы аймақ екінші орын­да. Облыстық бюджеттен кәсіп­керлікті дамыту үшін 2017 жылы 600 млн теңге бөлінсе, 2018 жылы 1,4 млрд теңге қарал­ды. Жергілікті «Бизнес аймақ» бағ­дар­ламасы бойынша 7 жылда ауыл кәсіпкерлерін қолдау үшін об­лыс бюджетінен 2 357 млн теңге бөлініп, 416 кәсіпкердің жобасы іске асты.

Ауыл кәсіпкеріне қолдау көп

Айта кету керек, мұнайлы ай­мақ­та ауыл кәсіпкерлерін қол­дау жұмысы жақсы жолға қойыл­ған. Соның нәтижесінде шалғай­дағы елді мекендерде жаңа нысан­­дар ашылып, ел игілігіне қызмет ету­­де. Айталық жақында ғана Ма­­хам­­бет ауданындағы Жалған­сай ауылында көкөніс өңдеу цехы ашылды. Бұл бизнес­тің бір ерек­шелігі – облыста баламасы жоқ, яғни тазартылып, туралған көк­өністерді вакуум қаптамаға са­лып, саудаға шығарады. Жер­гі­лік­ті шаруа қожалықтары өнім­дерін бұрынғыдай аудан, облыс ор­та­лықтарына апарып сатып әу­ре­ге түспейді. «Ақбаян» ЖК-не тап­сырады, ал жеке кәсіпкер өз ке­зе­гінде көкөністерді тұ­ты­ну­­­шы­ға тағам әзірлеуге да­йын кү­йін­де ұсынады. Осы жоба­ны қолға алған кәсіпкер Гүл­ми­ра Жұ­­ма­ғалиева: «Құрал-жаб­дық­­­­тар­­ды Италиядан, Ресей­ден ал­­дық. Әзірге айына 6 тон­на өнім шы­ғарамыз, алдағы уақытта бұл көр­сет­кішті көбейте бе­ре­міз», дейді. Осындай шағын да болса халыққа қажет дүние­лер­дің іске асуына мемле­кеттік бағ­дарл­амалардың жол ашып отыр­­ғаны әрине қуан­тады. Об­лыс­­­тық кәсіпкерлер па­ла­та­сы­­ның басшысы Абдолла Ид­­ресов ай­мақ бас­шылығының қол­­­­дауы­мен өңір­лік палата елі­міз­­де ал­­ғаш рет Атырауда жедел­де­­­тіл­­­­ген экономикалық даму скри­­­­­нингін жүргізгенін айтады. Жұ­­­мыс қорытындысында 600 әле­ует­­­ті бизнес идея анықталған. «Ақ­­баян» ЖК қолға алған көкөніс өңдеу цехы да осы скринингтің нәтижесі.

Ауыл халқын бизнеске тар­ту­ға, идеяларын ынталанды­ру­ға ар­налған тағы бір жоба «Бастау» деп аталады. Бұл ба­с­тама аясында мемлекеттен грант ал­ған­дардың 80%-дан астамы – ауыл тұрғындары. Өңірлік кәсіп­кер­лер палатасының сарапшысы Дәурен Сағынғалиевтің айтуын­ша, ауыл шаруашылығы, сауда, қызмет көрсету орындарын ашуға байланысты жобалар көп. Соңғы жылдары ауылдарда меди­ци­налық кабинеттер ашу қолға алына бастады. Тісі ауырса, бас­қа да денсаулыққа байланыс­ты қа­жеттіліктер туындаса, бұрын­ғы­дай аудан орталығына сабылып жүрмей, ауылдан ашылған дәрігер кабинетіне барып ем алу тұрғындар үшін де қолайлы.

Жас келсе – іске

Атыраулық жастардың жаңа заман игіліктерінен қалыс қал­май, жарқын жобаларды қолға алуға деген қызығушылықтары жо­ғары. Өңірлік кәсіпкерлер па­ла­тасы осы бағытта биыл та­ғы бір бастаманы қолға алды. «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы ай­мақ­тағы 600 жас бизнес негіз­дерін игереді. Қазір облыс бойын­ша 8 оқу сыныбы жұмыс істей­ді. Арнайы курсты бітірген жастар­ға жеке бизнестерін ашу үшін грант­тар мен жеңілдетілген несие­лер қарастырылған. Әлеумет­тік кәсіпкерлікке де ден қоя бастаған­дар қатары артып келеді. Атап айтсақ, Махамбет ауданының тұр­ғыны Гүлден Өтепәлиева «Ер­жүректілер» қоғамдық қорын құр­ды. Мүмкіндігі шектеулі жан­дар­ға арналған спорт клубын ашып, із­гі істің басы-қасында жүр. Енді көп балалы, әлеуметтік жа­ғы­нан аз қамтылған балаларға ар­нап та спорт секцияларын ашу­ды жос­пар­лапты. Мұндай мысал­дар­дың көптігі ертеңге деген сенімді оң­дай түседі. Өйткені Президент Жол­дауын­да атап көрсетілгендей, «Тиім­ді шағын және орта бизнес – қала мен ауыл­ды дамытудың берік негізі».

АТЫРАУ

Бөлісу:
Берекесін бизнестен тапқандар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар