Руханият
1 мин оқу 150

Ынталандырудың басты құралы

<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын мұқият оқып шықтым. Осынау маңызды құжаттан әркім&nbsp; алдымен өзіне керекті жағын іздейді ғой. Мен де одан өзім және әріптестерім үшін өте қажетті мәселелерге жауап іздеген едім. Сол жауапты көріп, қатты қуанып қалдым.&nbsp;</p>

Ынталандырудың басты құралы

Барлық жұмысқа тиянақты­лық, ынта мен ыждағаттылық тек еңбекақы лайықты деңгей­де төленгенде ғана болатыны бел­гілі. Бәріміз де күнкөрі­сі­міз­дің жалғыз көзі – еңбек­ақы­мыз­дың жоғарылау болғанын қалаймыз. Ұзақ жылдар мәдениет сала­сында еңбек етіп келе жат­қан біздің де арманымыз сол, еңбек­ақымыз лайықты, тұ­рмыс­тық деңгейіміздің жақсы болғаны.

Жолдаудың «Әлеуметтік жаң­ғырудың жаңа кезеңі» атты бөлі­мінің төртінші тармағында Президент біз туралы арнайы айтқан екен. Ол өзінің сөзінде: «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ» деді. Қандай нақты, дөп айтылған сөздер. Басқа салалар­дың еңбекақылары азды-көпті көбейіп жатқанда біздікі үнемі бір орыннан қозғалмайтын еді. Ал тұтыну тауарлары мен кыз­меттердің бағалары күннен-күн­ге артып барады. Соның салдары­нан өзіміздің тұрмыстық ахуа­лы­мыздың төмендеп бара жат­қанын сезінуші едік. Енді Пре­зи­дент осыны атап көрсетіп, «ке­­­лесі жылдан бастап Үкімет мә­­д­е­­­ниет қызметкерлерінің ең­бек­­­­а­қы­сын көбейтуі керек» деп нақ­­­ты тапсырма берді. Біз осы­ған қатты қуанып қалдық. Пре­зи­дент нақты айтқаннан кейін еңбека­қы­ларымыз да лайықты деңгейге көтерілер деген үміттеміз.

 Әсемгүл ҚЫДЫБЕКОВА,

«Абылай хан

резиденциясы» музей кешені директорының орынбасары

Петропавл

Бөлісу:
Ынталандырудың басты құралы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар