Аймақтар
2 мин оқу 670

Өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметі ерекше

<p style="text-align: justify;">Осы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Рес&shy;пуб&shy;&shy;ликасы Ұлттық ұлан&shy;ның барлық әскери бөлім&shy;дерінде &laquo;Тілге құрмет &ndash; елге құрмет&raquo; атты акция өт&shy;ті. Подполковник Медет Есем&shy;баев басшылық ететін, Қостанай қаласында ор&shy;на&shy;ласқан 6697 әскери бө&shy;лімде аталған акция аясында бір&shy;қатар шаралар ұйым&shy;дас&shy;тырылды.&nbsp;</p>

Өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік  тілге құрметі  ерекше

Санаға серпіліс берген «Руха­ни жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан халқының тіл­дері күні мерекесіне орай әскери бөлімнің бөліністер ара­сында «Тілдер – халықтар досты­ғының елшісі» атты фестиваль өтті. Фес­тивальдың мақсаты – мем­ле­кет­тік тілдің мәртебесін асыру және өзге этностардың тілдерін құр­мет­­теуге шақыру.

Фестивальға Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай облы­сы филиалының өкілдері, «Достық» үйінің түрлі этностық бірлестік­терінің өкілдері шақырылды. Ме­рейлі мерекені сайыс түрінде ұйымдастырып, өнерлі сарбаздардан құралған төрт команда сахнада түрлі этностардың мә­дениеті мен ұлттық тағамдарын кеңінен таныстырды. Мысалы, 1 жедел мақсаттағы ротасы неміс, 2 жедел мақсаттағы ротасы украин, 1 атқыштар ротасы ұйғыр, ма­териалдық және техникалық қам­тамасыз ету ротасы қазақ ұл­­тының салт-дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан көріністер ұсынды. Жоғары деңгейде өткен фестивальде Қостанай қалалық филармониясының әртістері өнер көрсетті. Шарада шырқалған ән­дер­дің дені патриоттық тұрғыда бол­ды. Аталған тіл фестивалінде ма­териалдық және техникалық қам­тамасыз ету ротасынан құрал­ған қазақ ұлтының командасы же­ңімпаз атанды. Көздің жауын алар ұлттық киімдері мен би­лері өзге қатысушылардан басым түс­ті. Сондай-ақ Қостанай қала­сы­­ның Өлкетану мұражайы да іс-ша­­раға арнап, түрлі этностардың мә­дениетінен сыр шертетін жәді­гер­лерін ұсынды.

Әскери бөлімде акция жал­ғасы ретінде «Қазақ тілінің ла­­­тын графикасына көшу» та­қырыбындағы дәрістер, Қа­зақстан композиторлар ода­ғы­ның мүшесі, композитор Қа­­лыбек Дербисалдинмен кез­де­сулер, «Тіл шебері», «Мың бір мақал-мәтел» байқаулары, «Өз халқыңның тарихын және дәс­түрін білесің бе?» атты викториналар және «Тілдер және ұлт­тық код» тақырыбында Елбасы сағаты ұйымдастырылып, «Мем­лекеттік тілде оқимыз» кітап көр­месі ұсынылды.

Қазақ тілінің қолданыс ауқы­мын кеңейту – барша қазақ­стандықтардың міндеті. Бұл мін­детті жүзеге асыруда Ұлттық ұлан қатарында борышын өтеп жүрген, мемлекеттік тілді мең­гер­ген өзге этнос өкілдерінен құ­ралған әскери қызметшілер де ат­салысып жүр. Мұндай үлгілі жандар әскери бөлімдерде аз емес.

 Мұратбек ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

майор

ҚОСТАНАЙ

Бөлісу: