Медицина
1 мин оқу 152

Зардап шеккендер дәрігерлік бақылауда

<p style="text-align: justify;">Арыста зардап шеккен әскери қызметшілер одан әрі емделу үшін Алма&shy;ты қаласындағы Әскери-кли&shy;никалық госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыс&shy;&shy;&shy;тырылды.</p>

Зардап шеккендер дәрігерлік бақылауда

Бұл ту­­ралы хирургиялық жұ­мыс жөніндегі әскери меди­циналық мекеме басшысы, медициналық қызмет пол­ковнигі Ғалымжан Ома­ров мәлімдеді. Оның ай­туынша, қазір аталған нау­қастар жағдайы қана­ғат­танарлық күйде. Олар әске­ри госпитальдің бе­йін­ді бө­лім­шесіне жатқызылған. Арыстағы оқиғадан кейін бұл әскери қызметшілер әскери авиа­цияның меди­циналық меке­месіне жедел түрде жет­кізілген болатын. Онда олар­ға уақтылы қажетті медициналық көмек көрсе­тіліп, тез арада оңалуға жағ­дай жасалды.

Жалпы еске салар болсақ, 21 қыркүйекте арнайы жабдықталған полигон аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жер­де) жоспарлы жару жұ­мыс­тары барысында оқ-дəрі фрагментінің өздігінен жа­рылысы орын алған болатын. Соның салдарынан келісімшарт бо­йынша қызмет істейтін 10 са­пер-әскери қызметші жа­рақаттанған еді.

Бөлісу:
Зардап шеккендер дәрігерлік бақылауда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар