Медицина
2 мин оқу 350

Перзентханадан шыққан шу: Атырауға Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған комиссия келді

<p style="text-align: justify;">Өткен аптада Атырау облыстық перинаталдық орталығының басшысы қамауға алынды. Алғашында лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды және сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілінген бас дәрігерге қатысты кейін тағы бір дерек шықты.</p>

Перзентханадан шыққан шу: Атырауға Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған комиссия келді

29 қыркүйекте дүниеге келген нә­ресте тіршілік белгісін біл­дір­ме­гендіктен, дәрігерлер «баланың өлі ту­ғаны» туралы анықтама жа­зып, де­несін тоңазытқышқа жібер­ген. Ал бі­раз уақыттан соң сәбидің тірі екені анықталады, бірақ ақ ха­латтылар оны тоңазытқыштан шығармаған. Себеп, әлде сылтау: «Базаға енгізілген мәліметті дұрыстау мүмкін емес». Арнайы жедел іздестіру шарасында анық­талған бұл жайт туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдола мәлімдеді. Мәселеге пікір білдірген Денсаулық сақтау министрі Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысын жұмыстан шығаруды ұсынды. Алайда министрлік пен әкімдік тарапынан аталған бас­қар­­маның қызметіне сараптама жүр­гізіліп, нәтижесінде Мәншүк Ай­мұрзиева лауазымында қалатыны ту­ралы шешім шығарылды. Ал 7 қа­зан күні облыстық перинаталдық орталықтың 31 қызметкері жұмыс­тан босатуға өтініш жазды. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Серік­жан Ерментаевтың айтуынша, қазір дәрігерлер қызмет орындарында, олармен денсаулық сақтау басқармасының, министрліктің және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері жұмыс жүргізіп жатыр. Аймаққа Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева бас­таған республикалық меке­мелер­дің жетек­ші мамандары келді. Министр­дің орын­басары об­лыстық, қалалық пери­наталдық ор­талықтардың қыз­метімен танысып, дәрігерлермен сөй­лесті және бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Әрине, қиын жағдай қалыптасса да, мұнайлы өңірдегі медицина саласының ахуалы тым мүшкіл деу­­ге де болмайды. Жыл басынан­ бе­рі қалалық перзентхананы екін­­ші деңгейден үшінші деңгейге ауыс­­тыру шаралары қолға алынды. «Босандыруды ұйымдастыруға бағытталған жоспарлы шара аясында облыстық перинаталдық орталықтан анестезиолог-реаниматолог ауыстырылды, екі неонатолог келді, бәрі де тәжірибелі, еңбек өтілдері бар мамандар. Аталған ауру­ханаға Ақтөбе облысынан тағы екі маман-неонатолог келеді. Қалалық перинаталдық орталық 100%-ға жабдықталған, –дейді Мәншүк Аймұрзиева. – Мекеме ауыр дерттері бар жүкті әйелдерге босан­дыру бойынша сапалы меди­циналық қызмет көрсетуге дайын».

Басқарма басшысы облыстық перина­талдық орталықтың да жұ­мы­сы күшейтілетінін айтады. Жұ­­мыстан кеткен дәрігерлердің ор­­ны­на Атыраудан, еліміздің бас­­қа да аймақтарынан мамандар ша­­қы­­­­­рылады. Қазір өңірде бала өлі­­мін азайту бойынша жос­пар­лан­ған шаралардың орындалуын бақы­лайтын мониторинг тобы жұмыс істеп жатыр. «Атырау облысын­да бала өлімінің көбеюі тамыз айында бай­қалды. Жыл сайын елімізде 2,5 мың бала өлімі тіркеледі», деді министр Елжан Біртанов Үкімет отырысында.

Статистикаға сүйенсек, респуб­лика бойынша Атырау облысындағы бала өлімінің көрсеткіші орташа деңгейде. Соның өзінде соңғы екі айда 40 нәресте шетінеді. Бұл 40 үйдің ғана қайғысы емес...

 АТЫРАУ 

Бөлісу:
Перзентханадан шыққан шу: Атырауға Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған комиссия келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар