Спорт
1 мин оқу 630

Әлем чемпионы жүлдесіз қалды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Ресейдің Улан-Удэ қаласында бокс&shy;тан әйелдер арасында әлем чемпио&shy;наты өтуде. Қазанның 3-інде бас&shy;тал&shy;ған әлемдік додада 10 салмақ дәре&shy;жесі бойынша жеңімпаздар мен жүл&shy;дегерлер анықталады.</p>

Әлем чемпионы жүлдесіз қалды

Өкінішке қарай, әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай (51 кило) бірінші айқасында жапониялық боксшыдан жеңіліп, жарыс­тан шығып қалды. Сонымен қатар Қазақстан Спартакиадасының чемпионы Алуа Балқыбекованың (48 кило) да 1/16 финалда өзбекстандық боксшыға есесі кетті.

Рио олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова 1/16 финалда чех елінен келген бойжеткенді 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Шәкімованың жеңісті жолын Айжан Қожабекова (57 кило), Римма Волосенко (60 кило) және Ақерке Бақытжан (75 кило) жалғады. Сондай-ақ жексенбі күні 81 килода ел намысын қорғаған Фариза Шолтай аустралиялық бойжеткеннен 4:1 есебімен басым түсті.

Кеше кешкісін Милана Сафронова (64 кило) Ботсвана елінің боксшысымен шаршы алаңға шықса, ертең 54 килодағы Дина Жоламан да алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы украиналық боксшы. Аса ауыр салмақта (+81 кило) Дина Исламбекова алғашқы жекпе-жегін ширек финалдан бас­тайды. Егер Дина италиялық боксшыны жеңетін болса, онда ол кемінде әлем чемпионатының қола медаліне ие болады.

Дайындаған Алмас МАНАП,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Әлем чемпионы жүлдесіз қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар