Спорт
1 мин оқу 244
Мәскеуден алты медаль алды
<p class="2018-" style="margin-top: 5.4pt;"><span style="letter-spacing: -.1pt;">Мәскеуде таэквондодан Гран-при тур­нирі өтіп, онда қазақстандық спортшылар 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды. </span></p>

Әлем мықтылары бас қосқан айтулы сында Ақсәуле Ерқасымова (62 кило) мен Руслан Жапаров (+87 кило) финалға шыққанымен, алтын медаль сарапқа салынған тұста екі спортшымыз да ресейлік қарсыластарына есе жіберді.
Гран-придің қола жүлдесін Самат Темірхан (54 кило), Айтуар Шәйкенов (58 кило), Меруерт Тікебаева (+73 кило), Дүйсебай Смайыл (+87 кило) иеленді.
Дайындаған Алмас МАНАП,
«Egemen Qazaqstan»
Бөлісу: