Спорт
1 мин оқу 293

Футзал: Бүгін Чемпиондар лигасы басталады

<p style="text-align: justify;">Бүгін футзалдан Чемпиондар лигасы топтық турнирі басталады. Венгрияның Береттьоуйфалу қаласында өтетін доп додасында Алматының &laquo;Қайраты&raquo; да өнер көрсетеді.</p>

Футзал: Бүгін Чемпиондар лигасы басталады

Тұсаукесер кездесуін жерлестеріміз бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:45-те Ресей астанасы Мәскеудің КПРФ клубына қарсы өткізеді. Бұл матч «Ел Арна» аранасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ертең біздің жігіттер Испанияның «Эль-Пососымен» күш сынасса, 11 қазанда жергілікті «Береттьоуйфалумен» шеберлік байқасамыз.  

Сонымен қатар Ақтөбенің «Аяты» да бүгін жарыс жолына шығады. Олар Литваның «Витисымен» кездеседі. Сондай-ақ, бұл топта Испанияның «Барселонасы» мен Ресейің «Тюмень» клубтары да өнер көрсетеді.  

Бөлісу:
Футзал: Бүгін Чемпиондар лигасы басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар