Қоғам
2 мин оқу 540

Сапалы ауыз су мәселесі қаралды

<p style="text-align: justify;">Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия елорда тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және тұтынушылар құқықтарын қорғау тақырыбына арналған кеңейтілген отырыс өткізді.</p>

Сапалы ауыз су мәселесі қаралды

Аталған комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтановтың басшылығымен өткен жиында Адам құқықтары жө­ніндегі комиссия мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов және «Астана су арнасы» МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабден өз  баяндамаларын жасады. Отырысқа заң шығарушы, атқарушы орган және сот өкілдері, «Астана су арнасы» МКК-нің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Комиссия мүшелері елдің су ресурс­тарын ұлттың гендік қорын сақ­тауға қызмет ететін маңызды страте­гиялық объектілер ретінде қорғаудың маңыз­дылығын ерекше атап өтті. Елорда халқын сапалы сумен қамтамасыз етудің, тұтынушылардың құқықтарын сақтау мәселелері мен оларды шешудің жолдары талқыланды. Отырысқа қатыс­қандар өз ұсыныстарын білдіріп, «Ас­тана су арнасы» МКК-нің жұмысына қатысты ойларымен бөлісті.

Баяндама жасағандар инфра­құ­рылымдық міндеттерді – жаңа және сапалы су алу құрылғыларын, су құ­быр­ларын, коммуналдық желілер салу арқылы судың жеткізілуін қамтамасыз ету міндеттерін шешудің қажеттігін атап өтті.

Жиын барысында комиссия мүше­лері мен сарапшылар астана тұр­ғын­дарын ауыз сумен толық қамтамасыз ету, сондай-ақ тарифтік жоспарды қайта қарау мәселесін талқылады. «Астана су арнасы» МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабденнің ай­туынша, Нұр-Сұлтан қаласының ауыз су тарифі республика бойынша 11-орында. Со­нымен қатар ұйым басшысы қазіргі кезде арнайы білімі бар техникалық ма­мандардың жетіспеушілігі барын ай­тып өтті.

Оған қоса, Комиссия отырысында 16-27 қыркүйек аралығында Варшава қаласында өткен ЕҚЫҰ жыл сайынғы кеңесінің қорытындылары талқыланды. Қуаныш Сұлтанов тұжырымдар мен ұсыныстар Мемлекет басшысының, Парламент пен Үкіметтің назарына жеткізілетінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Сапалы ауыз су мәселесі қаралды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар