Саясат
1 мин оқу 210

Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

<p style="text-align: justify;">Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына елдегі қылмыстық ахуал және министрліктің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат ұсынылды. Бұл туралы Тұңғыш Президент - Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша, 2019 жылы қылмыс 15% төмендеген. Ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 77,5% құраса, аса ауыр қылмыстар бойынша көрсеткіш - 88%.

Сонымен қатар, Е.Тұрғымбаев Елбасына ішкі істер органдарын реформалау аясында полицияға халықтың сенімін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру барысы туралы мәлімет берді.

Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар