Қазақстан
1 мин оқу 561

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

<p style="text-align: justify;">10 қазан күні Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста &ndash; түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар аралас жаңбыр), солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал. Ел бойынша жекелеген өңірлерде тұман, екпінді жел, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады. Бұл туралы Қазгидромет өкілдері хабарлады.&nbsp;</p>

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

Атап айтқанда, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында желдің күші екпіні 25 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерін тұман басып, желдің күші 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысында-шаңды дауыл күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел күшейеді, күші - 18 м/с. Сондай-ақ Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында және Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Бөлісу:
Бүгін еліміздің кей өңірлерінде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар