Президент
1 мин оқу 364

Қазақстан Президенті жалпықалалық сенбілікке қатысты

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев &laquo;Бірге Жасыл Қазақстан&raquo; шарасының аясында Ботаникалық бақта ағаш отырғызып, сенбілікке қатысушылармен сұхбаттасты. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады.</p>

Қазақстан Президенті жалпықалалық сенбілікке қатысты

Шараға Премьер-Министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, спортшылар мен оқушылар қатысты.

Көгалдандыруға арналған сенбілік барысында Ботаникалық бақта 300 көшет отырғызылды. Жалпы бүгін Елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егіліп, қала ажарын арттыра түспек. Сонымен қатар биыл күзде «Экологиялық сағат» шарасының шеңберінде еліміз бойынша қосымша 1 миллионға жуық көшет егіледі.

Бөлісу: