Нұр-Cұлтан қаласы әуежайының коды өзгереді
<p style="text-align: justify;">IATA Нұр-Cұлтан қаласы әуежайының кодын өзгерту туралы Азаматтық авиация комитетінің түзетулерін мақұлдады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті Facebook парақшасында <a href="https://www.facebook.com/photo.php?fbid=446680109302366&set=a.113874929249554&type=3&theater">жазды</a>. </p> <p style="text-align: justify;"> </p>

«Бүгін Варшавада «IATA Global Airport and Passenger Simposium» конференциясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған «ЭйрАстана» және «Скат» әуекомпанияларының өкілдерінен тұратын қазақстандық делегацияның қатысуымен IATA-ның 763 резолюциясына Қазақстан бастамашылық еткен өзгерістер пакеті мақұлданды. Соның негізінде «Нұр-Сұлтан» халықаралық әуежайының коды IATA рәсімдері мен стандарттарына сәйкес өзгертілетін болады» деп жазды ведомство.