Руханият
1 мин оқу 1,250

«Қоянқасқа» тұлпар топ жарды

<p style="text-align: justify;">Соңғы жылдары дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан &laquo;Алтын тұлпар&raquo; аламан бәйгесі биыл бесінші рет Атырау төрінде ұйымдастырылып, 51 шақырымдық қашықтыққа жіберілген 37 жүйріктен қызылордалық Бердібек Мыхановтың &laquo;Қоянқасқасы&raquo; маңдайы жарқырап дара келді.</p>

«Қоянқасқа» тұлпар топ жарды

«Бұған дейін төрт дүр­кін елорда іргесінде дала шаңын көтеріп, бәсіресі мол бәйгенің олжасын сарапқа салған аламанның биыл батыс өңірінде жалауын тігуі, орталықтан шалғай аймақта өмір сүріп жатқан атбегілердің де мәртебесін көтеріп, сейіс­тік шеберлігін шың­дау еді» дейді ұйымдас­тырушылар.

Nur Otan партиясы, Мәдениет және спорт минис­трлігі, Ұлттық спорт қауымдастығы жә­не Атырау облысы әкім­ді­­гінің қолдауымен өтіп, ағайынның көз қуа­ны­шына айналған бәй­ге­нің бас жүлдесінің ие­гері «Қоянқасқаға» 10 млн теңге бұйырса, көм­беге екінші болып жеткен Жамбыл облысының жүй­рігі «Шымшыққа» 5 млн, үшінші болып келген «Дос» атты арабы то­рыға 2,5 млн, төртінші бо­лып шылбыр ұстатқан маң­ғыстаулық бесті жүйрік «Айтөбелге»1,5 млн, бе­сінші болып мәреден өт­кен Атырау облысы Ма­хамбет ауданынан келген «Жезкиік» атты құла бие­нің иесіне 1 млн теңге бұйырды.

Аламан бәйге же­ңім­­паздарын Nur Otan пар­­тиясының хатшысы Ға­бидолла Оспанқұлов, Аты­рау облысы әкі­м­і­нің бірінші орынба­са­ры Серік Жам­был­ұлы, Ұлттық спорт қауым­дас­тығының Бас хатшы­сы Нұрсұлтан Ибра­­гимов қа­тарлы азаматтар марапаттады.

Бөлісу:
«Қоянқасқа» тұлпар топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар