Аймақтар
1 мин оқу 746

«Пара берме» челленджі бастау алды

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіру мақсатында &laquo;Пара берме&raquo; акциясы басталды.</p>

«Пара берме» челленджі бастау алды

Аталған челлендждің басталғаны туралы Шымкент қаласы бо­йынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қыз­меттің басшысы Асхат Жұмағали ха­барлады. Оның айтуынша, бұл акция Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қолға алынған және оған еліміздің бар­лық өңірі белсене атсалысуда.

«Бүгін өзім бастап, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірге «Пара берме» челленджін бастадым. Бұл акцияның мақсаты – мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіру. Біз БАҚ өкілдерін, сонымен қатар қала тұрғындарын осы акцияға белсенді қатысуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе күресуге шақырамыз», – деді А.Жұмағали.

Айта кетерлігі, челлендж аясын­да кез келген азамат әлеуметтік же­лілер арқылы пара берудің қандай жа­уапкершілік жүктейтінін жеткізе алады.

ШЫМКЕНТ

Бөлісу: