Қазақстан
1 мин оқу 390

Ұзынқұрамды жүк пойыздары жолға шықты

<p style="text-align: justify;">Ұзынқұрамды тәжірибелік жүк пойызы алғаш рет Қытай Халық Республикасындағы Қорғас стансасынан Қазақстандағы Алтынкөл стансасына жөнелтілді.</p>

Ұзынқұрамды жүк пойыздары жолға шықты

Пойыз 70 шартты вагоннан тұрады. Ұзынқұрамды пойыздарды құру жүктерді жет­кізу жылдамдығын, локомотив өнімділігін және пойыз салма­ғының көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Аталған технология сондай-ақ кері бағытта да жүзеге асырылады. Алтынкөл және Қорғас шекаралық стансалары арасында пойыздарды өткізу және тасымал көлемі артады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдың 9 айында аталған шекаралық өтпеден Қазақстаннан ҚХР-ға 390 мың тоннадан астам жүк тасымалданса, бұл 2018 жылдың сәйкес ке­зеңімен салыстырғанда 54%-ға артық. Кері бағытта 2,5 миллион тонна жүк тасымалданып, өсім 56%-ды құрады. Жыл сайын контейнерлік пойыздар саны арта түсуде. Ағымдағы жыл­дың 9 айында 1076 пойыз қа­былданды және өнделді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 48%-ға жоғары. Алтынкөл стан­сасы арқылы контейнерлік құ­рамдар Өзбекстан, Иран, Ауған-с­та­н, Әзербайжан, Гру­зия және Еуропа елдеріне жөнел­тілуде.

Бөлісу:
Ұзынқұрамды жүк пойыздары жолға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар