Қазақстан
1 мин оқу 1,830

Кітап оқып, рухани бай бол

<p style="text-align: justify;">Шымкенттегі &laquo;Рухани жаңғыру&raquo; жобалық кеңсесі және &laquo;Отырар&raquo; ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен &laquo;Кітап оқып, рухани бай бол!&raquo; байқауы жарияланды. Кітап оқушылар сайысы 15 қазаннан басталып, екі кезең бойынша өткізілмек.</p>

Кітап оқып, рухани бай бол

Әуелі, І кезеңде қатысу­шылар әдеби шығармадан үзіндіні мәнерлеп оқуы қажет. Оны Facebook жә­не Instagram әлеуметтік желі­лерінде эстафета форматында жолдайды. Сондай-ақ эстафетаны Шымкент қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің аккаунттары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ресми ак­каунтын белгілеп, #shymkent #RuhaniJangyry #KitapOqypRuhaniBaiBol хеш­­тэгтері арқылы жариялауы тиіс.

Ал ІІ кезеңде әлеуметтік желілерде көп лайк жинап, репостарға ие болған үздік 10 қатысушы келесі кезеңге жол­дама алады. Бұл кезеңде қа­тысушылар арасында әдеби шығарма желісінде де­бат өтеді. Арнайы та­ғайын­далған қазылар ал­қасы үздік шыққан жеңім­паздарды анықтайды. Бай­қауға қатысушыларға арнайы сыйлықтар беріледі.

Жоба авторларының ай­туынша, байқау өскелең ұрпақтың танымын кеңей­тіп, өресін биіктету мақса­тында өткізіліп отыр.

Бөлісу: