Президент
1 мин оқу 250

Қ.Тоқаев Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасымен кездесті

<div class="main-titles" style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;</div> <div class="row">&nbsp;</div>

Қ.Тоқаев Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасымен кездесті

Тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, атап айтқанда, Қазақстан – Еуропалық одақ, Орталық Азия – Еуропалық одақ және Орталық Азия – Вышеград төрттігі (Чехия, Польша, Венгрия және Словакия) сияқты көпжақты форматтағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы  Радек Вондрачекті Барқыт төңкерісінің 30 жылдығымен, Чехияның НАТО-ға кіруінің 20 жылдығымен және алдағы Республика күнімен құттықтады. Сондай-ақ Президент Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі саналатын Чехиямен арадағы байланыстарды одан әрі дамыта беретінімізді атап өтті.

– Сіздің бұл сапарыңыз екі ел парламенттері арасындағы өзара іс-қимылдарды нығайту тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру мақсатында да өте маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде чех саясаткері қонақжайлық көрсетіп, жылы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс білдіріп, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалады.

– Чех Республикасының өкілі ретінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың достық және дәстүрлі рухта өрбіп, өте тығыз әрі терең қарым-қатынастың қалыптасқанын растауға мүмкіндік туғанына қуаныштымын,– деді  Радек Вондрачек.

Бөлісу:
Қ.Тоқаев Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасымен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар