Руханият
1 мин оқу 550

Тұрар туралы толғады

<p style="text-align: justify;">Таяуда Ұлттық музей&shy;&shy;дің Ғылыми кітапхана&shy;сын&shy;да мемлекет қайрат&shy;кері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына орай &laquo;Қазақтың қызыл жебесі&raquo;&nbsp; атты дөңгелек үстел өтті.</p>

Тұрар туралы толғады

Шара барысында Т.Рыс­құлов­тың өмірі мен елімізге қосқан үлесі туралы тың мә­лі­мет­тер бері­ліп, деректі фильм көр­­сетілді. Дөң­гелек үс­телге жи­налған зиялы қауым өз ойларымен бөлісті. С.Сейфул­лин атындағы музей қызметкері Мұқият Қойшыбай өз сөзінде: «Өткенге қозғау салу, өткен­ге үңілу – тектіліктің белгісі. Бүгін­гі тәуелсіз еліміздің қалып­тасуы­на ерен еңбек сіңірген Тұрар Рысқұлов сынды тұл­ға­лары­мыз­ды тану, білу бізге аманат. Бұл біз­­дің тарих­қа, ұлтқа, Отаны­мыз­­ға көрсеткен кісілігі­міз. Осы орай­­да қынжылта­ты­ны, қазір біз­де­гі ең кемшін тұс – тұлға­тану ілімі. Тұл­ғатануды мек­теп қа­быр­ға­сы­нан бастап, жо­ғары оқу орын­дарында оқыт­сақ деген ойым бар», деп жалпы қауымға ұсыныс тастады.

Бөлісу:
Тұрар туралы толғады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар