Қазақстан
1 мин оқу 255

Америкамен сауда-саттық ұлғаяды

<p style="text-align: justify;">Вашингтонда Дүние&shy;жүзілік банк тобы мен Ха&shy;лықаралық валюта қоры Директорлар кеңесінің жыл сайынғы отырыстары аясында еліміздің Сауда жә&shy;не интеграция министрі Ба&shy;қыт Сұлтанов АҚШ Сау&shy;да Хатшысы Уилбур Росс&shy;пен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлады Сауда жә&shy;не интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.</p>

Америкамен сауда-саттық ұлғаяды

Кездесу Қазақстан Рес­пуб­ликасы мен Америка Құра­ма Штаттары арасындағы Эко­номикалық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейлі іс-шара аясында өтті. Бұл бастама Тұңғыш Президент – Елбасының 2018 жылғы қаңтардағы сапары кезінде басталған болатын.

Кездесу барысында тараптар ішкі және сыртқы сауда, тауарлар мен қызметтерді экспорттау, коммерциялық және инвестициялық жобаларды іске асыру, Tyson Foods компания­сымен бірлескен жобалар, бірлескен жобаларға (AIFC) қаржылық қолдау көрсетудің екіжақты ынтымақтастық саласының мәселелерін, санкциялар саясаты, зияткерлік меншік және электронды сау­да мәселелерін, сондай-ақ ДСҰ және ЭЫДҰ шеңберінде ынты­мақтастықты талқылады.

Америка Құрама Штаттары – Қазақстанның негізгі страте­гиялық серіктестерінің бірі. Біздің елдеріміз арасындағы сауда айналымы көлемі 2018 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 36%-ға артып, 2,2 млрд АҚШ долларын құра-
ды.

2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша өткен жыл­дың ұқсас кезеңіндегі де­рек­терді сақтай отырып, Қазақ­стан мен АҚШ арасын­дағы тауар айналымы 1,4 мил­лиард долларды құрады.

Сауда-экономикалық ынты­мақ­тастықты одан әрі дамыту және оның жоғары серпінін қол­дау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызмет номенклатурасын ке­ңейту, іскер топтар арасында тікелей байланыс орнату бо­йынша бірлескен жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Қазақстан тарапы АҚШ-қа қазақстандық тауарлардың экспортын 50 тауар позициясы бойынша 802,1 млн АҚШ долларынан аса сомаға ұлғайтып, өзара саудадағы оңтайлы трендті нығайтуды ұсынды.

Бөлісу:
Америкамен сауда-саттық ұлғаяды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар