Аймақтар
1 мин оқу 246

Қостанайда ерлі-зайыпты зейнеткерлер өрттің құрбаны болды

<p style="text-align: justify;">Қысқа қарай облыс өңірінде жеке үйден шығатын өрт көбейеді. Қостанай ауданына қарасты Владимиров ауылындағы бір үйден өрт шықты.</p>

Қостанайда ерлі-зайыпты зейнеткерлер өрттің құрбаны болды

60 шаршы метр болатын шағын жеке үй жанып кетті.  Таң ата жанған өрт сағат  09.00-де толық сөндірілген. Қызыл от ауыздықталып болған соң, үй ішінен екі адамның денесі табылған. Олар осы үйдің иесі, 1952 және 1954 жылы туған  зейнеткерлер болатын.     

Алдын ала болжам бойынша, электр сымдарының тұйықталуынан от тұтанған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарды қысқа дайындық кезінде пешті ғана емес, электр сымдарын да тексертуді ескертеді.

Бөлісу:
Қостанайда ерлі-зайыпты зейнеткерлер өрттің құрбаны болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар