Саясат
1 мин оқу 210

Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келеді

<p style="text-align: justify;">24-25 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің <a href="https://www.facebook.com/photo.php?fbid=2368654649924620&amp;set=a.265175986939174&amp;type=3&amp;theater">Facebook</a> парақшасында жазды.&nbsp;</p>

Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келеді

«Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің ахуалы мен перспективалары талқыланатын болады. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы екі елдің өзара ықпалдастығын дамыту, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасады деп жоспарлануда. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады», делінген жазбада.

Бөлісу:
Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар