Қазақстан
1 мин оқу 154

Александр Лукашенко «Хабар» агенттігіне сұхбат берді

<p style="text-align: justify;">Беларусь Республикасының Президенті&nbsp;Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапары қарсаңында &laquo;Хабар&raquo; агенттігіне сұхбат берді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Александр Лукашенко «Хабар» агенттігіне сұхбат берді

«Хабар» Агенттігі Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожинмен әңгіме барысында, Беларусь мемлекетінің Президенті екі елдің бүгінгі қарым-қатынасы жөнінде жан-жақты айтып, болашақта одан әрі қарайғы қарым-қатынасын арттыру жолдарының келешегі, сондай-ақ тауар айналымның өсуі жөнінде айтты.  А. Лукашенко Евразиялық экономикалық одақ туралы, оның географиясының кеңеюі тақырыбына бөлек тоқтады. Сондай-ақ Беларусь Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырудағы негізгі этаптарға тоқтап, өз түсінігіндегі «тәуелсіздік» сөзінің  негізгі  мағынасын, мәнін түсіндірді.

Сұхбат барысындағы Президентке жолданған сауалдардың басым бөлігі Беларусь пен Қазақстан елдерінің қарым-қатынастарының дамуына қатысты, Евразиялық экономикалық одақ форматының өзара әрекеттесуінің проблемалары сынды түрлі аспектілерге қатысты болды. Мемлекет басшысына кейбір жеке басына қатысты сұрақтар да қойылды.

Бөлісу:
Александр Лукашенко «Хабар» агенттігіне сұхбат берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар