Экономика
1 мин оқу 160

Еуроны сатып алушылар көбейді

<p style="text-align: justify;">Елімізде еуро валютаға деген қызығушылық бір жыл ішінде бір жарым есе артты. Ranking.kz келтірген дерекке сүйенсек, жыл басынан бері оның валюта айырбастау пункттеріндегі таза сатылымы 250 млрд теңгеге жуықтады.</p>

Еуроны сатып алушылар көбейді

Бір жыл ішінде еуроның тең­ге­ге шаққандағы бағамы 5 пайыз­дай қымбаттаған болатын. Еуроай­мақтың негізгі валютасы Қазақ­стандағы айырбас­тау пункттерінде ең көп сатылған валюталардың арасында доллардан кейінгі орында тұр. Қаңтар-тамыз айларында ел азаматтары барлығы 247,4 млрд теңгеге еуро сатып алған.

Еуроның таза сатылымының өсім қарқыны еліміздің барлық өңір­лерінде өсті. Алматыда 121,1 млрд теңгеге сатылып, был­тырғы­мен салыстырғанда 47 пайызға жоғарыласа, Нұр-Сұлтанда 33,6 млрд теңгеге саты­лып, өсім 15 пайыздан асты. Сатылым көлемі бойынша үшін­ші орын алған Қарағандыда 16,3 млрд теңгеге жетті.

9 ай ішінде еуроның сатылу көлемі тамыз айында ғана ең төменгі көрсеткішке құлдырады – 25,1 млрд теңге. Тамызда оның теңгеге шаққандағы бағамы шілде және қыркүйек айларымен салыстырғанда жоғары болғанын да айта кетейік.

Қазір валюта айырбастау пункт­терінде 1 еуро – 437,37 тең­ге­ден сатылып жатыр.

Бөлісу:
Еуроны сатып алушылар көбейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар