Қазақстан
1 мин оқу 230

Елордадағы ұзаққа созылған құрылыс кешені қалай аяқталады

<p style="text-align: justify;">Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс күні басталғанға дейін &laquo;Баспана Көктал&raquo; ТК-ге тағы қайтара барды. Бұл үй төрт жыл бұрын проблемалы болып танылған,ондағы үлескерлер саны 500-ден асады. Тұрғын үй кешенін &laquo;Нұрлы жер&raquo; бағдарламасы аясында &laquo;Елорда&nbsp; құрылыс компаниясы&raquo; салып бітіретін болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;<br /><br /><br /></p>

Елордадағы ұзаққа созылған құрылыс кешені қалай аяқталады

Мұнда соңғы келген уақыттан бері жобаға түзетулер енгізілген: үйге техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, инженерлік желілері бойынша жоба мемлекеттік сарпатамада қаралуда. Құрылыс салушының айтуынша, лифтілерді орнату бойынша қалқа-қоршауларын бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Әуел баста жоба бойынша 5 қабатты үй салу жоспарланғандықтан мұнда лифті қарастырылмаған, лифтіні өзіміздің қазақстандық компаниядан сатып аламыз, сонымен қоса терезелерін ауыстырамыз. Ал көктемде үйдің ішкі әрлеу жұмыстарына кірісеміз» , - деді құрылыс салушы.

Қала әкімі Алтай Көлгінов қыс түскенге дейін барлық есіктері мен терезелерін жауып, үй төбесінің жабынын бекіту керектігін айтты. Тапсыру мерзімі - 2020 жыл. Қалада барлығы құрылысы аяқталмаған 51 объекті (76 үй) бар. Осы жылдың соңына дейін тапсырылатын үйлердің саны 10-ға жетеді.


Бөлісу:
Елордадағы ұзаққа созылған құрылыс кешені қалай аяқталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар